Accessibility links

Грузия Ресейдің Қырымды аннексиялауын айыптады


Грузия сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе.
Грузия сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе.

Ресми Тбилиси Ресейдің Қырымда аннексиялауы арқылы «Украина шекарасын күштеп өзгерпек болған әрекетін» қатаң сынға алып, бұған қоса жақында Абхазия аумағына үшінші С-300 зениттік-зымыран кешені дивизионын кіргізгенін айыптады.

Грузия сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қырымды өзіне қосып алғанына үш жыл толуына байланысты Грузия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 2014 жылы түбектегі «референдум» мен одан кейін болған оқиғалар «Қырым мен Севастопольді халықаралық құқық нормалары мен принциптерінің барлығын бұза отырып заңсыз аннексиялау және оккупациялау» екені айтылған.

«Грузия сыртқы істер министрлігі Украинаға қарсы агрессия мен оның шекарасын күштеп өзгертуге тырысуды айыптайды» делінген мәлімдемеде. Құжатта сонымен бірге халықаралық қауымдастық «егеменді мемлекеттерге қарсы агрессияға қарсы тұру үшін бірлескен позиция ұстануы тиіс» екендігі жазылған.

Осының қарсаңында Грузия сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе Абхазияға үшінші С-300 зениттік-зымыран кешені дивизионын кіргізуді «Ресейдің кезекті агрессиялық қадамы» деп атаған. «Грузия халықаралық қауымдастықтың көмегімен Ресейді халықаралық құқық нормалары мен принциптерін құрметтеуге мәжбүр ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды» деп мәлімдеген ол.

Азаттық радиосына түсініктемесінде «Арсенали» әскери-талдау журналының бас редакторы Ираклий Аладашвили Абхазия жерінде үшінші С-300 зениттік-зымыран кешені дивизионы бірнеше күн бұрын ғана – наурыздың 10-ы күні пайда болғанын, бірақ, оның ақпараты бойынша, Грузияның бұрынғы автономиялық аймағында С-300 кешені ең алғаш 2008 жылы, «бес күндік соғыстан» кейін іле-шала орналасқаны туралы айтты. Оның сөзінше, С-300 дивизионының әрбіріндегі сегіз қондырғының әрқайсысы 4 зымыран ұшыра алады.

«Абхазияда орналастырылған С-300 көмегімен Ресей қарулы күштері Қара теңіздің шығыс акваториясының ауқымды бөлігін бақылауда ұстай алады» дейді сарапшы.

XS
SM
MD
LG