Accessibility links

Мосулда жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты


Ирак әскері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларымен ұрыс кезінде. Мосул, 21 наурыз 2017 жыл.
Ирак әскері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларымен ұрыс кезінде. Мосул, 21 наурыз 2017 жыл.

Мосулдың батысында 22 наурыз күні тұрғын үйлер кварталында болған жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты. Бригада генералы Мұхаммед әл-Джабуридің мәлімдеуінше, Мосул-әл-Джадида ауданында болған жарылыс орнынан 108 адамның мәйіті табылған. Бұл ауданда Ирак үкіметінің күштері мен "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

Джабури содырлар орнатқан мина жарылғанын айтады. "Мосулдың көзі" тәуелсіз ұйымының хабарлауынша, ИМ содырлары бейбіт тұрғындарды үш үйге қамап, үйдің сыртына екі бомба орнатып, үйлердің шатырына мергендерді орнатқан. "Мосулдың көзі" ұйымы жарылыстан "арасында әйелдер мен балалар бар 130 адам қаза тапқанын" айтады.

АҚШ қолдайтын Ирактың үкімет әскері Мосулдың шығысын қаңтарда төрт айға созылған соғыстан соң қайтарып алған. 19 ақпаннан бері ұрыс негізінен Мосулдың батысындағы кварталдарда жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG