Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми сапармен Әзербайжанға барды. Бұл туралы ақпарат Ақорданың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
"Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды" делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан президентін Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, сыртқы істер вице-министрі Халаф Халафов және басқа адамдар күтіп алды деп хабарлады Әзербайжанның АЗЕРТАДЖ мемлекеттік ақпарат агенттігі.