Accessibility links

СІМ: Максим Арышев Санкт-Петербургтегі терактіде қаза тапқан


Санкт-Петербург метросының жарылыс болған станциясы. 3 сәуір 2017 жыл.
Санкт-Петербург метросының жарылыс болған станциясы. 3 сәуір 2017 жыл.

Санкт-Петербургта хабарсыз кеткен, осы қалада оқитын қазақстандық студент Максим Арышев метрода болған жарылыстан қаза тапқан болып шықты деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Миинстрліктің Facebook-тегі парақшасында "Ресей тергеу комитетінің нақтыланған мәліметі бойынша, бұған дейін із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматы Максим Арышев Санкт-Петербургте 3 сәуірде болған теракт салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз" делінген. Арышевтің мәйіті Санкт-Петербургтегі ауруханалардың бірінде жатыр. Бүгін таңертең Санкт-Петербургке ұшып кеткен марқұмның ата-анасы теракт құрбандары арасынан ұлдарын таныған.

Бұған дейін СІМ 3 сәуір күні Санкт-Петербургтегі Қазақстан консулдығына Алматыдан Максим Арышевтің туыстары телефон соғып, ұлдарымен теракт болған уақыттан бері байланыса алмай отырғанын айтқанын хабарлаған. СІМ мәліметінше, Арышев Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университетінде үшінші курс студенті болған.

Соңғы мәлімет бойынша, Санкт-Петербургтегі терактіден қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

XS
SM
MD
LG