Accessibility links

Санкт-Петербургте Орталық Азия елдерінен шыққан 6 адам ұсталды


Санкт-Петербург көшесінде жүрген полиция қызметкерлері. 3 сәуір 2017 жыл.

Санкт-Петербургте Орталық Азия елдерінен шыққан алты адам "экстремистік ұйымдар қатарына адам тартты" деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Ресей тергеу комитеті.

Комитеттің 5 сәуірде таратқан ақпаратына қарағанда, күдіктілер бүгін тергеушілердің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бірлесе жүргізген тергеу және жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталған. Аты-жөндері аталмаған күдіктілер Ресейге жұмыс істеуге барған.

Тергеу болжамынша, күдіктілер 2015 жылдың қарашасынан осы күнге дейін Санкт-Петербург территориясында негізінен Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтарды "Ислам мемлекеті" және "Джабхат ан-Нусра" экстремистік ұйымдарының қатарына қосылуға және террористік қылмыстар жасауға үгіттеген". Тергеушілер әзірге ұсталғандардың Санкт-Петербург метросында болған терактіні жасаушымен таныстығы я байланыста болғаны туралы мәлімет жоқ дейді.

Күдіктілердің тұратын жерлері бойынша тінту жүргізіліп, діни әдебиеттер тәркіленген.

Қазір күдіктілерді қамау және оларға айып тағу мәселесі шешіліп жатыр.

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG