Accessibility links

Тиллерсон мен Лавров Сирия дағдарысын талқылап жатыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллеросн (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 12 сәуір 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллеросн (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 12 сәуір 2017 жыл.

Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы жағдайды талқылап жатыр. Кездесу жабық түрде өтіп жатыр. Тиллерсон Ресей басшылығын Башар Асад билігін қолдаудан бас тартуға көндірмекке тырысады деген болжам бар. Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілмек.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Мәскеуге 11 сәуірде Италияның Лукка қаласынан ұшып барған. Тиллерсон Луккада "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер министрлерімен Сирия дағдарысын, оның ішінде Ресейдің Асадқа деген ұстанымын өзгерту жолдарын талқылаған. Тиллерсон Дамаскіні қолдау Мәскеудің стратегиялық мүддесіне сай келмейді деген.

АҚШ пен Батыс елдері 4 сәуірде Сирияның Идлиб провинциясында бейбіт халыққа химиялық қару қолданылып жасалған шабуылды Башар Асадтың билігінен көреді. 7 сәуірде АҚШ химиялық шабуылға жауап ретінде Сирияның әскери-әуе күштері орналасқан базаны зымыранмен атқылаған. Вашингтон химиялық қару қолданылған шабуыл осы базадан жасалған деген пікірде.

XS
SM
MD
LG