Accessibility links

Лавров АҚШ-ты Пхеньянға қарсы "қатерлі" әскери шара қолданбауға шақырды


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы "қауіп-қатерге басын тігетін", Сириядағы сияқты біржақты әскери шара қолданбайды деп үміттенетінін білдірді. Лавров бұл жайында АҚШ вице-президенті Майк Пенстің Пхеньянның ядролық қару жасау әрекетіне қатысты "стратегиялық төзімділік таныту дәуірі" аяқталды деген мәлімдемесіне орай айтты.

Пенстің Оңтүстік Корея мен Жапонияға сапарында айтқан бұл ескертуі АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы бір-бірін сөзбен айыптаудың соңғы көрінісі болды. Лавров Пхеньянның "парасатсыз ядролық әрекеттерін" айыптағанымен, АҚШ вице-президентінің сөзі бір жақты түрде әскери қимыл жасау туралы доқ көрсету деп бағалануы мүмкін екенін айтты.

"Біз Пхеньянның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің көптеген қарарын бұза отырып ядролық қару жасау және зымыран ұшыру әрекеттерін құптай алмаймыз, бірақ бұл БҰҰ жарғысын, халықаралық құқықты бұзып күш қолдануға болады дегенді мүлдем білдірмейді. Таяуда Сирияға жасалғандай мұндай бір жақты әрекет енді қайталанбайды деп үміттенемін" деді Лавров.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG