Accessibility links

Кабул: АҚШ-тың бомбасынан бірнеше елден шыққан содырлардың көзі жойылды


АҚШ-тың аса қуатты GBU-43/B бомбасы.
АҚШ-тың аса қуатты GBU-43/B бомбасы.

Ауғанстан билігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Нангархар уәлаятында туннельдер мен үңгірлер жүйесіне аса қуатты бомба тастауынан Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден шыққан содырлардың көзі жойылған. "Бұл шабуылда көзі жойылған содырлардың көпшілігі Пәкістан, Үндістан, Филиппин және Бангладештен шыққан" деп хабарлады 18 сәуірде Ауғанстан қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Мохаммад Радманиш.

Бұған дейін Пентагон мен Ауғанстан билігі 13 сәуірде GBU-43/B деп аталатын аса қуатты бомба қолданудың нәтижесінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының 96 содырының, оның ішінде ИМ-нің кейбір маңызды жетекшілерінің көзі жойылғанын мәлімдеген. Ресми биліктің ақпаратына қарағанда, бомбадан үңгірлер жүйесі қирап, мен қару-жарақ және оқ-дәрілердің үлкен қоры жойылған.

XS
SM
MD
LG