Accessibility links

Ақтөбеде суға кеткен 9 жасар баланың мәйіті табылды


Ақтөбе іргесінде тасып, елді мекендегі үйлерді басқан тасқын су. 16 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Ақтөбе іргесінде тасып, елді мекендегі үйлерді басқан тасқын су. 16 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде бес тәулік бойы іздеген 9 жасар Біржан Ерсайыновтың мәйіті табылды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару қызметінің маманы Оксана Кичигина хабарлады. Төртінші сынып оқушысы Біржан Ерсайыновтың мәйітін құтқарушылар Жіңішке өзеніндегі қамыстың арасынан 18 сәуір күні кешкі сағат он шамасында тапқан.

- Баланы өзен суы 800 метрге дейін ағызып алып кеткен. Жіңішке өзенінің бірнеше күн бойы тасуы құтқарушылардың жұмысын қиындатып жіберген еді. Тасыған судың беті қайтқаннан кейін баланың денесі судың бетіне қалқып шықты, - дейді Оксана Кичигина.

Ақтөбенің іргесіндегі Жаңақоныс ауылында тұратын төртінші сынып оқушысы сәуірдің 13-і күні үйінен "ойнап келемін" деп тысқа шығып кеткен. Ауылдастары Біржанды соңғы рет өз үйінен 200 метрдей жердегі Жіңішке өзенінің жағалауынан көрген.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жоғалған баланы 70 шақты адам іздеген. Олардың арасында сүңгуірлер, полиция мен еріктілер де бар.

Ақтөбеде өткен аптадан бері Елек, Қарғалы сияқты өзендерде су деңгейі көтеріліп, қала іргесіндегі бірнеше елді мекенді тасқын су басқан.

XS
SM
MD
LG