Accessibility links

Түркіменстан президентінің үш кітабы қазақшаға аударылды


Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) қазақ тілінде басылған кітаптарының тұсаукесер рәсімінде. Астана. 19 сәуір 2017 жыл (Суретті Ұлттық олимпиада комитеті ұсынды).
Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) қазақ тілінде басылған кітаптарының тұсаукесер рәсімінде. Астана. 19 сәуір 2017 жыл (Суретті Ұлттық олимпиада комитеті ұсынды).

Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қазақ тіліне аударылған үш кітабының тұсаукесері өтті.

Бердімұхамедовтың үш кітабы қазақ тілінде "Ақалтеке тұлпары - мақтанышымыз бен абыройымыз", "Тұлпардың шапшаң шабысы" және "Жас тұлпарлардың самғауы" деп аталады.

Тұсаукесер рәсіміне Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі қатысты. Үш кітап Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен аударылған. Әр кітап мың данамен басылып шықты.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 18 сәуірде мемлекеттік сапармен Астанаға келген.

XS
SM
MD
LG