Accessibility links

Алматы әуежайында антитеррорлық жаттығу өтті


Алматы халықаралық әуежайы.
Алматы халықаралық әуежайы.

Алматы әуежайында бүгін полиция терроризмге қарсы жоспарлы жаттығу өткізді деп хабарлады бүгін жергілікті БАҚ. Жедел штаб жаттығудың мақсаты "әуе көліктерінде терроризм актісін болдырмау механизмдерін жетілдіру" деп атайды.

Әуежайдың баспасөз қызметі жаттығу әуежай территориясының нақты қай жерінде өтті деген сұраққа жауап бере алмады, бірақ жаттығудың әуежай жұмысына әсер етпегенін айтты.

Былтыр маусым айында Ақтөбеде болған қарулы шабуылдан соң Қазақстан қалаларында полиция терроризмге қарсы жаттығуды жиі өткізе бастаған.

XS
SM
MD
LG