Accessibility links

Пхеньянның баллистикалық зымыран сынағы сәтсіз болды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеп отыр. Нью-Йорк, 28 сәуір 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеп отыр. Нью-Йорк, 28 сәуір 2017 жыл.

Пхеньянның баллистикалық зымыран сынау әрекеті сәтсіздікке ұшырады деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігі. Зымыран әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай Солтүстік Корея аспанында жарылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, Пхеньян бұл жолы орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран сынағын өткізбек болған.

Солтүстік Корея билігі зымыранды сенбі күні, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысы аяқталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ұшырған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон ұйымға мүше елдерді Пхеньянға қарсы санкция режимін күшейтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің осыған дейін қабылданған қарарларын бұлжытпай орындауға шақырған.

Пхеньянның тағы да баллистикалық зымыран сынағын өткізу әрекеті туралы Twitter әлеуметтік желісі арқылы білдірген пікірінде АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея бұл қылығымен Қытай мен оның «аса құрметті президентіне» «дөрекілік танытып отыр» деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG