Accessibility links

АҚШ дипломаты Тәжікстан билігімен табиғи апаттың алдын алуды талқылады


Даниэль Розенблюм, АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары.
Даниэль Розенблюм, АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Даниэль Розенблюм Тәжікстанда осы ел билігінің өкілдерімен кездесіп жатыр.

АҚШ-тың Душанбедегі елшілігінің Азаттықтың Тәжік редакциясына хабарлауынша, Душанбеге 30 сәуірде келген Розенблюм 1 мамырда төтенше жағдайлар комитетінің басшыларымен кездесіп, табиғи апаттардың алдын алу жайын талқылаған. Кездесуде сонымен қатар құтқарушы мамандарды даярлау және комитеттің техникалық мүмкіндіктерін жақсарту жайы да талқыланған. Америкалық дипломаттың сапары 3 мамырда аяқталады.

25 сәуірде Тәжікстанға АҚШ орталық қолбасшылығының командирі генерал Джозеф Вотель сапарлап қайтқан.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кеңсесі президент пен АҚШ генералы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуды көздейтін әскери ынтымақтастық жайын талқылағанын хабарлаған.

Рахмон мен Вотел сонымен қатар тәжік шекара әскерінің әлеуетін күшейтудегі ынтымақтастықты кеңейту ұсыныстарын да талқылаған.

XS
SM
MD
LG