Accessibility links

Кабулда жанкешті НАТО көлік колоннасы жанында өзін-өзі жарды


Кабулдағы НАТО әскерилерінің көлік колоннасы жанында болған жарылыс. Ауғанстан, 3 мамыр 2017 жыл.
Кабулдағы НАТО әскерилерінің көлік колоннасы жанында болған жарылыс. Ауғанстан, 3 мамыр 2017 жыл.

Кабулда бүгін таңертең жанкешті НАТО әскерилерін тасымалдап келе жатқан көлік колоннасына шабуыл жасады. Ресми орган өкілдерінің хабарлауынша, шабуылдан кем дегенде үш адам қаза тауып, 22 адам жараланды. Әскери сауытты көліктер жанында болған жарылыстан жапа шеккендердің арасында әскерилердің бар-жоғы әзірге белгісіз.

Жарылыстан сол маңда болған азаматтық көліктер де зақымданған. НАТО күштеріндегі америкалық әскердің ресми өкілі әзірге жарылысқа қатысты комментарий бермеді. Үкіметтің ақпараттық орталығының хабарлауынша, жарылыс орнына тергеу тобы барған.

Жыл басынан бері Кабулда кем дегенде бес ірі жарылыс болып, салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланды.

XS
SM
MD
LG