Accessibility links

Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея президенті болып сайланды


Мун Чжэ Ин, Оңтүстік Кореяның жаңа сайланған президенті.
Мун Чжэ Ин, Оңтүстік Кореяның жаңа сайланған президенті.

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында либерал Мун Чжэ Ин айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жаңа президент бірден бүгін, 10 мамырда ант қабылдап, қызметіне кіріседі. 64 жастағы Мун салтанатты инаугурациядан бас тартып, наурызда өзіне дейінгі президент Пак Кын Хе коррупциялық жанжалдан қызметінен шеттетілген соң туындаған саяси вакуумды жою үшін ұзатпай үкімет пен президент аппаратын жасақтайды деп күтіліп отыр.

Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Мун Чжэ Ин 41,1 пайыз, консерваторлар кандидаты Хон Джунпхе 24 пайыз, центрист Ан Чхольсу 21,4 пайыз дауыс жинаған. Мун президент қызметінде Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасы мен зымыран сынақтарынан бас тартуға көндіру жолдарын қарастырып, АҚШ-пен арада туындап келе жатқан сауда жанжалын реттеуі тиіс.

Мун Пхеньянмен диалог орнатуды қалайды. Оның Солтүстік Кореяға қатысты ұстанымы АҚШ-тың Пхеньянды ядролық амбициясынан санкция және халықаралық оқшаулау арқылы бас тартқызуды көздейтін әрекетінен өзгеше.

XS
SM
MD
LG