Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі: Су тасқынынан 9 үй қирады


Петропавл іргесіндегі су басқан Тепличный ауылы. 5 мамыр 2017 жыл.
Петропавл іргесіндегі су басқан Тепличный ауылы. 5 мамыр 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері барлығы 17 елді мекенде 380 үйді су басып, оның 9-ы қираған. 5 мың саяжай учаскелері су астында қалған. Қазіргі таңда 234 үйде су тұр. Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтың сөзінше, өткен демалыс күндері Далматова ауылына су келіп, бірнеше үй су астында қалған. Су басудың екінші толқынында Прибрежный, Тепличный, Соколовка, Борневка және Большая Малышка аудандарындағы үйлер зардап шеккен.

Әкім орынбасары су басудың үшінші толқыны болмайтынын, қазір екі эвакуациялық пунктте 40 адам тұрып жатқанын айтты.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының 11 мамыр күнгі ақпараты бойынша, Есіл өзенінің Сергеевка бөгеніндегі су деңгейі 4 сантиметрге төмендеген.

341 үйге гуманитарлық көмек көрсетілді. Павлодардан жеткен гуманитарлық жүк еріктілердің жәрдемімен эвакуация пунктерінде орналасқан адамдарға берілуіп жатыр. Азық-түлік, киім, тұрмыстық заттар тізім бойынша отбасыларға тапсырылған.

Азаттықтың Петропавл қаласы маңындағы үйлерін су басқан тұрғындардың жағдайы туралы видеосы (4 мамыр 2017 жыл):

Үйлерін су басқан кей тұрғын далада тұрып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

XS
SM
MD
LG