Accessibility links

"ИМ" тобы Ингушетиядағы полиция бекетіне шабуылға жауапкершілікті алды


Ингушетияның Назрань қаласында жарылыс болған жер. 3 қараша 2016 жыл.
Ингушетияның Назрань қаласында жарылыс болған жер. 3 қараша 2016 жыл.

Әлемнің бірқатар елінде қызметіне тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Ресейдің Ингушетия республикасында тосқауыл бекетіне жасалған шабуылға жауапкершілікті өзіне алатыны туралы мәлімдеген.

Сенбіге қараған түні екі адам автомат және танкіге қарсы гранатометтен Маглобекте ресейлік полицияның тосқауыл бекетін атқылаған. Шабуыл жасағандардың екеуі де өлген, бір полиция қызметкері жараланған.

Өлгендердің біреуі Шешенстанда полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген.

XS
SM
MD
LG