Accessibility links

Балуан Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионатында алтын алды


Ақжүрек Таңатаров (көк формада).
Ақжүрек Таңатаров (көк формада).

Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Еркін күрестен 70 килограмда қазақстандық Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионы атанды. 31 жастағы Таңатаров ширек финалда моңғолиялық Хатаанбатаар Даваатсеренді, жартылай финалда жапониялық Моможиро Накамураны 11:7, финалда өзбекстандық Ихтиор Наврузовты 11:7 есебімен жеңді.

Еркін күрестен 86 килограмда Азамат Дәулетбеков финалда ирандық Алиреза Каримимашианиден жеңіліп, күміс жүлдені иеленді. 57 килограмда Нұрислам Санаев, 61 килограмда Дәулет Ниязбеков қола алды.

Грек-рим күресінен Мақсат Ережепов те Азия чемпионы атанған.

XS
SM
MD
LG