Accessibility links

Есіргеповті Алматы ауруханасына жедел жәрдем көлігімен әкелді


Рамазан Есіргепов орталық қалалық клиникалық аурухананың алдында журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 16 мамыр 2017 жыл.
Рамазан Есіргепов орталық қалалық клиникалық аурухананың алдында журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 16 мамыр 2017 жыл.

Бүгін, мамырдың 16-сында журналист Рамазан Есіркеповті Жамбыл облысының Шу кентіндегі ауруханадан Алматыдағы қалалық орталық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен алып келді. Жедел жәрдеммен Рамазан Есіргеповпен бірге Шу қаласы ауруханасының хирургі Рамазан Югузов те келді.

Рамазан Есіргеповті аурухана алдында бір топ құқық қорғаушы мен БАҚ өкілдері күтіп алды. Құқық қорғаушы Розлана Таукинаның айтуынша, оны Алматыдағы қалалық орталық клиникалық ауруханаға жатқызу туралы құқық қорғаушылар аурухана басшылығымен алдын ала келіскен.

Хирург Рамазан Югузовтың айтуынша "Рамазан Есіргеповтің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Шұғыл операция жасаған кезде ішкі органдарына зақым келмегені анықталған".

Азаттық тілшісімен сөйлескен Рамазан Есіргепов "жағдайы қанағаттанарлық екенін, өзіне шабуылға билік айыпты" деп санайтынын айтты.

Есіргепов 14 мамыр күні "БТА Банктен" ұрланған ақшаны газет арқылы заңдастырмақ болған" деген айып бойынша қазір Алматының тергеу абақтысында отырған оппозициялық журналист Жанболат Мамайдың ісі туралы Еуропа Одағына мүше кей елдердің елшілері мен халықаралық сарапшыларға жолығу үшін пойызбен Астанаға кетіп бара жатқанда шабуыл жасалғанын айтады. Ол сонымен бірге кезінде сотты болған өзін ақтауға қатысты БҰҰ адам құқығы комитеті негізді деп таныған, бірақ Қазақстан соты қанағаттандырудан бас тартқан шағымы жөнінде де сөйлеспек болған.

Рамазан Есіргеповке шабуыл жасалғаны туралы видеосюжет

Есіргеповке шабуыл
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:01 0:00

XS
SM
MD
LG