Accessibility links

БЖЗҚ: Зейнетақы қаржысын инвестициялау жайын Ұлттық банктен сұраған жөн


Нұрбүбі Наурызбаева, БЖЗҚ басқарма төрайымы. Алматы, 26 сәуір 2017 жыл.
Нұрбүбі Наурызбаева, БЖЗҚ басқарма төрайымы. Алматы, 26 сәуір 2017 жыл.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева БЖЗҚ қаржысын Әзербайжанның проблемаға тап болған банкіне салуға қатысты комментарий берді. Tengrinews.kz сайтындағы интернет-конференцияда сауалдарға жауап берген Наурызбаева БЖЗҚ мен оның басшылығы қорда жинақталатын зейнетақы активтерін басқару және қандай да бір қаржылық тетіктерді сатып алуға қатысты шешім қабылдамайтынын айтқан. Оның сөзінше, БЖЗҚ активтерін инвестициялау мәселесімен Ұлттық банк шұғылданады. "БЖЗҚ бұл мәселе бойынша толық ақпаратты Ұлттық банктен сұрауға кеңес берді" деп жазды Tengrinews.kz.

Өткен аптада Әзербайжан халықаралық банкі шетелдік кредиторлардан алған қаржысын төлеуді тоқтататынын хабарлаған. Батыс елдерінің ақпарат құралдары банктің АҚШ-сотына банкрот болатыны туралы өтініш бергенін хабарлаған. Бұдан соң қазақстандық кейбір экономистер әлеуметтік желілерде Қазақстан БЖЗҚ-ның 71 миллиард теңгеден астам (шамамен 255 миллион доллар) қаржысы Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларына салынғанын хабарлаған.

17 мамырда парламент мәжілісінің бір топ депутаты үкімет пен Ұлттық банкке БЖЗҚ қаржысын инвестициялауға қатысты сауал жолдаған. Депутаттар сауалда Әзербайжан халықаралық банкіне салынғаны туралы ақпаратты тексеріп, қор қаржысын банкке инвестициялау туралы шешім шығаруға қатысы бар лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұраған.

БЖЗҚ қаражатына қатысты мәжіліс депутаттарының сауалы:

Зейнетақы қорының қаражаты қайта ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00

Кеше мәжілісте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БЖЗҚ активтерін инвестициялау мәселесімен зейнетақы активтерін басқару кеңесі айналысатынын, ал министрліктің міндеті - азаматтар зейнетке шыққан кезде оның зейнетақы жарнасының құнын жоғалтпастан қолына тиюін қамтамасыз ету екенін айтқан.

Қазақстанда БЖЗҚ активтерін Ұлттық банк президент жанындағы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірігіп басқарады. 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін жоғарылатуға қатысты ұсыныстарды дайындау міндеті президент басқаратын Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілген. БЖЗҚ мен Ұлттық банк әзірге Әзербайжан банкіне қаржы салуға қатысты комментарий берген жоқ.

XS
SM
MD
LG