Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкцияны күшейтті


Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі. Елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі (KCNA) 2017 жылғы мамырдың 30-ында таратқан сурет.
Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі. Елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі (KCNA) 2017 жылғы мамырдың 30-ында таратқан сурет.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Солтүстік Кореяға ядролық және зымыран бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырып отырғаны үшін жаңа санкциялар салу туралы қарарды бірауыздан мақұлдады деп хабарлайды Reuters.

АҚШ ұсынған қарарда Солтүстік Кореяның 14 шенеунігі мен 4 ұйымына қарсы санкция енгізілетіні айтылған. Санкцияға іліккендерге БҰҰ елдеріне кіруге тыйым салынады және бүкіл әлем бойынша олардың есеп шоттары бұғатталады.

"БҰҰ Қауіпсізік кеңесі Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтатпаса оның салдарына тап болатыны туралы айқын белгі берді" деп мәлімдеген БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хэйли.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұған дейін қабылдаған қарарлары Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыран сынағын өткізуге тыйым салған. Бірақ Пхеньян "АҚШ-тың агрессиялық саясатына қарсы елдің қорғаныс қабілетін арттыру" қажеттігін алға тартып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ол құжаттарын мойындамай отыр.

Соңғы бір жарым жылда АҚШ территориясына жететін және ядролық оқтұмсық алып ұша алатын зымыран жасауға талпынып жатқан Пхеньян екі рет атом қаруын сынап, ондаған баллистикалық зымыран ұшырған. Соңғы рет Солтүстік Корея мамырдың 29-ы күні Жапон теңізіне ұшырған кезекті зымыран сынағы "сәтті өткені" туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG