Accessibility links

СІМ өкілі: Лондондағы шабуылдардан қазақстандықтар зардап шекпеген


Бейбіт адамдарға шабуыл жасалған жерде жүрген полиция күштері. Лондон, 3 маусым 2017 жыл.
Бейбіт адамдарға шабуыл жасалған жерде жүрген полиция күштері. Лондон, 3 маусым 2017 жыл.

Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен түні болған шабуылдардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны террористік әрекеті деп бағалады. Осы уақытқа дейін бар ақпарат бойынша, Лондондағы шабуылдар салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала ақпарат" деп жазған Жайнақов.

Сонымен бірге ол Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі тиісті анықтау жұмыстарын жалғастырып жатқаны, онда "жедел байланыс желісі" жұмыс істейтіні туралы хабарлаған: +44(0)7447470570 (WhatsApp).

Маусымның 4-іне қараған түні Лондон орталығында көшедегі жаяуларды әуелі жүк көлігімен таптап, кейін пышақпен жасалған шабуылдардан кемінде алты адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Полиция шабуылдарға күдікті үш адамды атып өлтірген. Скотланд-Ярд бұл екі шабуылды теракт деп атаған.

XS
SM
MD
LG