Accessibility links

Тегерандағы шабуылдарды ИМ мойнына алды


Иран қауіпсіздік күштерінің жасақтары шабуыл жасалған парламент жанында жүр. Тегеран, 7 маусым 2017 жыл.
Иран қауіпсіздік күштерінің жасақтары шабуыл жасалған парламент жанында жүр. Тегеран, 7 маусым 2017 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы сәрсенбі күні Тегерандағы Иран парламенті мен аятолла Хомейни мавзолейіне жасалған шабуылдар жауапкершілігін мойнына алды. Бұл туралы ИМ-нің ақпараттық ресурсы қызметін атқаратын AMAQ сайтында хабарланды.

"Ислам мемлекетінің сарбаздары Хомейнидің мавзолейі мен Тегерандағы Иран парламентіне шабуыл жасады" деп хабарлады AMAQ сайты. Тағы бір мәлімдемеде Хомейнидің мавзолейіне шабуылды екі жанкешті жасағаны айтылады.

Бүгін таңертең Иран парламентіне қарулы үш адам басып кіріп, ондағы адамдарға оқ атқан. Бұл шабуылдан бір жарым сағат өткен соң Тегеранның оңтүстік шетіндегі аятолла Хомейни мавзолейіне де қарулы адам шабуыл жасаған. Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі шабуылдан жеті адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Азаттық бұған дейін ИМ-нің өз қатарына ирандықтарды көбірек тартуға тырысып, Иранға, әсіресе шииттер көп тұратын Ирандағы азшылықты құрайтын сунниттерге бағытталған парсы тіліндегі пропаганданы көбейткені туралы жазған.

XS
SM
MD
LG