Accessibility links

АҚШ сенаты Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірледі


АҚШ сенатында көпшілікті құрайтын республикашылдар жетекшісі Митч Макконелл.
АҚШ сенатында көпшілікті құрайтын республикашылдар жетекшісі Митч Макконелл.

АҚШ сенаты мүшелері Ресейдің Украинадағы іс-әрекеттеріне, АҚШ-тағы президент сайлауы кезіндегі кибершабуылдарға және Ресейдің Сириядағы әскери кампаниясына жауап ретінде ресейлік азаматтар мен компанияларға қарсы санкцияны кеңейту туралы келіскен. Заң жобасына АҚШ конгресіне Дональд Трамп әкімшілігінің Кремльге қарсы салынған санкцияны босаңсытуға бағытталған кез-келген іс-әрекетін қарау құқын беру туралы арнайы ереже енгізілген.

АҚШ сенатында көпшілікті құрайтын республикашылдар жетекшісі Митч Макконелл жаңа шаралар бойынша ресми дауыс беруді осы аптаның соңына белгілеген. Бұл ұсыныстар Иранға қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасына қосымша ретінде енгізілген.

Сенаттағы екі партияның өкілдері өзара келісіп белгілеген жаңа санкциялар Ресейдің барлау және қорғаныс мекемелері қызметкерлеріне қарсы бағытталған. Сонымен бірге бұл шектеулер Ресей экономикасының энергетика, теміржол және кен игеру өндірісі салаларына қатысты да қолданылуы мүмкін. Жаңа санкциялар пакетіне Ресейде адам құқығын бұзғандарды жазалауға мүмкіндік беретін ережелер енгізілген.

Заң жобасын әзірлегендер сенатта басым көпшілік оған қолдау танытады деп мәлімдеген.

Ақ үй әзірше бұл бастамаға қатысты реакция білдірген жоқ.

XS
SM
MD
LG