Accessibility links

Зымыран құлағанда өрттен жараланған жұмысшының жағдайы ауыр


Байқоңырдағы ұшу алаңына орнатылған зымыран тасығыш (Көрнекі сурет).
Байқоңырдағы ұшу алаңына орнатылған зымыран тасығыш (Көрнекі сурет).

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының хабарлауынша, зымыран бөлшегі құлап, өрт шыққан кезде денесін күйік шалып ауруханаға түскен 49 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірін ауыр деп бағалайды.

Ресей ғарыш агенттігі (Роскосмос) мекемесі "Союз 2-1а" зымыран тасығышының бөлшегі 14 маусымда Қарағанды облысындағы жоспарлы аумаққа түскенін мәлімдеді. "Союз 2-1а" зымыран тасығышы 14 маусымда Байқоңырдан сәтті ұшырылған, зымыранның жанама блоктары Жезқазған қаласынан батысқа қарай 50 километр қашықтықта "жоспарлы аумаққа" құлаған.

Қазақстан төтенше жағдайлар комитеті бұған дейін 14 маусым күні кешке зымыран сынығы құлаған Жезқазған түбіндегі Талап ауылына жақын далада өрт болып, онда күйік шалған бір ер адам қаза тапқанын, бір адам жараланғанын хабарлаған. Комитет олардың екеуі де зымыран сынығын жинау жұмыстарына қатысқанын айтады.

Роскосмос ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиғадан КАМАЗ көлігінің жүргізушісі, "НПО машиностроение" компаниясының жұмысшысы қаза тапқан. Компания зымыран бөлшегі құлайтын ауданға қызмет көрсетеді. Роскосмос қатты желден көлікті өрт шарпығанын айтады.

XS
SM
MD
LG