Accessibility links

Киев Мәскеуден "Беркут" тобының экс-басшысын беруді сұрады


Украинаның "Беркут" жасағының бұрынғы басшысы Сергей Кусюк Мәскеудегі наразылық шеруі кезінде ресейлік полицияның киімінде тұр. 12 маусым 2017 жыл.
Украинаның "Беркут" жасағының бұрынғы басшысы Сергей Кусюк Мәскеудегі наразылық шеруі кезінде ресейлік полицияның киімінде тұр. 12 маусым 2017 жыл.

Украина бас прокуратурасы осы елдің ішкі істер министрлігіне бағынышты "Беркут" арнайы бөлімшесінің Киевтегі полкының бұрынғы командирі Сергей Кусюкті экстрадициялау туралы Ресей билігіне өтініш білдірді. Сергей Кусюк маусымның 12-і күні Мәскеудің Тверь көшесінде жемқорлыққа қарсы шеруге шыққандарды күштеп таратқан ресейлік полиция қызметкерлерінің арасында көзге түсіп қалған.

Украина прокуратурасы киев милициясының "Беркут" арнайы тобының басшысы Сергей Кусюктің елде жасалған кей қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 2015 жылы жазда оған іздеу жариялаған. "112 Украина" телеарнасы эфирі кезінде Украина прокуратурасының арнайы тергеу департаменті бастығының айтуынша, Сергей Кусюк 2010 жылы "Волынская резня" көрмесі кезіндегі күш қолдану және Киевте Еуромайдан қатысушыларын басып-жаншу қылмыстарына күдікті саналады.

Бұған дейін берген сұхбатында Кусюк Еуромайдан оқиғалары кезінде "белсенділерді ұрып-соғуға бұйрық бергенін" жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG