Accessibility links

Францияда парламент сайлауының екінші туры өтіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Францияда бүгін парламент сайлауының екінші кезеңіне дауыс беріп жатыр. Шетелдерде орналасқан сайлау учаскелері сенбі күні ашылған.

Бұған дейін маусымның 11-і күні өткен алғашқы турдың қорытындысы бойынша, бірден депутат болып сайлануға қажетті дауысты төрт кандидат қана жинаған. Қалған 573 орынға 1146 үміткер бүгінгі дауыс нәтижесін айқындалмақ.

Мамырдың 7-і күні өткен сайлауда ел тарихындағы ең жас президентті сайлаған Франция азаматтары содан кейін көп ұзамай саяси өмірді жаңартуды қалайтындарын білдірді деп хабарлайды халықаралық француз радиосы. Сарапшылар осы жолғы парламент сайлауында қазіргі президент Эммануэль Макронның қозғалысын жақтаушылар жеңіске жетуі мүмкін деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG