Accessibility links

Иран: Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен тағы да атқылауымыз мүмкін


Ислам революциясын қорғау корпусының Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен атқылауы. 18 маусым 2017 жыл.
Ислам революциясын қорғау корпусының Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен атқылауы. 18 маусым 2017 жыл.

Иранның революциялық гвардиясы экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымын егер олар Иран қауіпсіздігіне қарсы әрекет жасаса онда Сирияның солтүстігіндегі шептерін зымыранмен тағы да атқылайтынын ескертті. Иран жексенбіде ИМ содырларының өткен аптада Тегеранда парламент пен аятолла Хомейни кесенесіне шабуыл жасағанына жауап ретінде ИМ-нің Сириядағы шептерін зымыранмен атқылаған.

Иран мемлекеттік телеарнасы көрсеткен хабарда генерал Рамазан Шариф "Егер олар [ИМ] қауіпсіздігімізді бұзатын қандай да бір әрекет жасаса бұдан да екпінді күшпен тағы да зымыран атамыз" дейді.

Шерифтің сөзінше, кешегі шабуылда әрекет ету ұзақтығы 430 километрге жететін алты зымыран ұшырылған. Ол бұл зымырандар "сәтті ұшырылғанын", бірақ "шектеулі" болғанын айтты. Мемлекеттік телеарна зымыран қондырғыларының орын алмастырып жатқанын көрсетті.

Бір апта бұрын ИМ содырлары Тегеранда Иран парламенті мен аятолла Хомейнидің кесенесіне шабуыл жасаған. Шабуылдан 13 адам қаза тауып, 40-қа тарта адам жараланған.

XS
SM
MD
LG