Accessibility links

Сирияда АҚШ қолдайтын күштер Ракканың бір ауданын басып алды


Ракка провинциясының батыс бөлігінде жүрген "Сирия демократиялық күштері" коалициясының әскери көлігі. Сирия, 18 маусым 2017 жыл
Ракка провинциясының батыс бөлігінде жүрген "Сирия демократиялық күштері" коалициясының әскери көлігі. Сирия, 18 маусым 2017 жыл

Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан, АҚШ қолдайтын араб-күрдтердің Сирия демократиялық күштері коалициясы ИМ бақылауында болған Ракка қаласының батысындағы әл-Кадисиа ауданын басып алды. ИМ мен коалиция жасақтары арасында бұл аудан үшін үш күн кескілескен ұрыс болған.

Сирия демократиялық күштері коалициясы ИМ-нің Сириядағы соңғы тірегі Ракка қаласына шабуылын осы айдың басында бастаған. Қаланың өзін қоршау үш ай бұрын басталған.

25 маусымда Ирак үкіметі де ИМ-нің Ирактағы орталығы әрі соңғы тірегі Мосул қаласына шабуылда алға жылжығанын хабарлады.

Сарапшылар 2014 жылы жазда Ирак пен Сирияның біраз бөлігін басып алған ИМ үшін Ракка мен Мосулдан айырылу бұл ұйымға қарсы соғыстағы ең үлкен жеңіс болатынын айтады.

АҚШ бастаған коалицияның ресми өкілі Райан Диллон Ракка маңындағы ИМ содырларының қарсылығы күшейгенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG