Accessibility links

Қытай Нобель сыйлығы иегері Лю Сяобоға шетел дәрігерлерін жолықтыруға келісті


Лю Сяобо, қытайлық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты.
Лю Сяобо, қытайлық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты.

Қытай билігі ауруханада жатқан құқық қорғаушы, Нобель сыйлығы иегері Лю Сяобомен неміс және америкалық дәрігерлерді жолықтыруға келісім берді. Бұған дейін әлем қауымдастығы Пекинді науқасты шетелдік онкологтардың көруіне рұқсат етуге шақырған

Бауырында қатерлі ісік бар Лю Сяобо Қытайдың солтүстігіндегі Шэньян қаласында ауруханада жатыр.

2009 жылдан бері 11 жылдық түрме жазасын өтеп жатқан Лю Сяобоны биылғы маусымның соңында Қытай билігі түрмеден босатқан. Қытайдағы авторитарлық режимді сынап, конституциялық реформа жүргізуге шақырған Хартия-08 құжатына қол қойғаннан кейін Лю Сяобоны билік «мемлекетке қарсы іс-әрекеті» үшін соттаған.

2010 жылы Лю Сяобо «Қытайда негізгі адам құқықтары үшін ұзақ бейбіт күресі» үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталған. Қытайы билігі оған Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысуға, тіпті туыстары арқылы да сыйлықты алуға рұқсат етпеген.

XS
SM
MD
LG