Accessibility links

Трамп Путинді кейінірек Ақ үйге шақыруға дайын


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді Вашингтонға шақыратынын, бірақ қазір емесін мәлімдеді.

Ақ үйдің 13 шілдеде таратқан ақпаратқа қарағанда, Трамп бұл туралы Вашинтоннан Парижге бара жатқан жолда ұшақта берген баспасөз конференциясында айтқан. Трамп Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен кездескен.

Дональд Трамп 12 шілдеде Reuters агенттігіне берген сұхбатында 7 шілдеде Гамбургте Владимир Путинмен алғаш кездескенінде Путин Кремльдің АҚШ-тағы 2016 жылы қарашада өткен президент сайлауына киліккенін жоққа шығарғанын айтқан. Трамптың сөзінше, ол Путинмен екі сағаттан астам уақыт бойы келіссөз жүргізген кезінде бұл мәселені 20-25 минут талқылаған.

Трамп пен Путин Гамбургте G20 елдері басшыларының саммиті аясында кездескен.

XS
SM
MD
LG