АҚШ президенті Дональд Трамп заңгер Тай Коббті Ақ үйдің арнайы заң кеңесшісі етіп тағайындады деп хабарлады президент әкімшілігі.
Америкалық ақпарат құралдары Кобб АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласуын тергеуге қатысты құқықтық проблемалар көбейіп отырған жағдайда президент әкімшілігі тарапынан жауап шараларды үйлестіру мәселелерімен айналысуы ықтимал деген болжам жасап отыр.
Ақ үй басшысы бұған дейін жұмысқа жалдаған нью-йорктік адвокат Марк Казовицтің барлық шаруамен жалғыз өзі айналысуына мұршасы жетпей жатыр деп жазады The New York Times басылымы.