Accessibility links

Ақтөбеде "кафе админстраторын өлтіру ісі" бойынша сот басталды


"Кафе админстраторын көлікпен сүйреп өлтіру ісі" бойынша сот отырысы. Ақтөбе. 25 шілде 2017 жыл.
"Кафе админстраторын көлікпен сүйреп өлтіру ісі" бойынша сот отырысы. Ақтөбе. 25 шілде 2017 жыл.

Бүгін Ақтөбеде "2555 теңге берешектерін төлегісі келмей, кафе админстраторын көлікпен сүйреп өлтірген" екі жігіттің соты басталды.

Сотта жастары отыздың үстіндегі Марат Абдуллин пен Артур Берекетов жауап беріп жатыр. Сотталушылардың бірі Марат Абдуллиннің айтуынша, ол кафе админстраторы, марқұм Әсет Оразбаймен Алға ауданындағы Қарақобда ауылындағы мектепте бір сыныпта оқыған.

Сыныптастар 2017 жылғы 20 наурыз күні "Достар" кафесінде кездесіп қалады. Түнгі 12-лерге таман даяшымен есептеспей, Берекетовтің көлігімен кетіп қалмақ болған екі жігітті администратор Әсет Оразбай тоқтатпақ болады. Сотта Марат Абдуллин кафе админстраторын 200 метр жерге дейін сүйреп, тастап кеткендерін айтты.
Оқиға орнында қаза болған Әсет Оразбайдың артында үлкені жеті, кішісі екі жарым жастағы төрт баласы қалды. Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындап отыр.

XS
SM
MD
LG