Accessibility links

Балуан Тәжиев - сурдлимпиада жүлдегері


Сурдлимпиаданың қола жүлдегері Асылжан Тажиев.
Сурдлимпиаданың қола жүлдегері Асылжан Тажиев.

Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан сурлимпиадада қазақстандық АсылжанТәжиев еркін күрестен қола медаль алды.

97 килограмда белдескен Тәжиев ширек финалда Виктор Сшарбакоуды (Белоруссия) жеңіп, жартылай финалда украиналық Виктор Антипенкодан жеңілді. Ал қолаға таласта қырғызстандық Ғабит Айдарбековты жеңді.

Бұл - Қазақстанның сурдлимпиададағы бесінші медалі. Дзюдодан Шаяхмет Қанапянов күміс, грек-рим күресінен Қайратхан Шонқу. каратэден Елена Салмина және үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы қола иеленген. Қазір бір күміс, төрт қоламен Қазақстан жалпы есепте 31-орында тұр. Бірінші орында 56 алтынмен Ресей құрамасы келеді.

XS
SM
MD
LG