Accessibility links

СІМ: Египет қазақстандықтардың ұсталу себебін жақын уақытта айтады


Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттер Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).

Египет алты Қазақстан азаматының не себепті қамауға алынғанын жақын уақытта жариялайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

"Біз қазақстандық студенттердің Египетте не себепті ұсталғанын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Кеше (25 шілде-ред) Қазақстан елшісімен кездескен Египет сыртқы істер вице министрі жақын уақытта ресми жауап болатынын айтқан" дейді Жайнақов.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан қазақстандықтар 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған. 25 шілдеде министрлік оларды полиция ұстағанын хабарлады.

Хабарсыз кеткен жастар Египетке араб тілін оқуға кеткен. Олардың екеуі Қанат Берік пен Еламан Жазылхан Алматыдағы Абылайхан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университетінде магистратурада оқыған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG