Accessibility links

Ресей: АҚШ-тың санкциясы жауапсыз қалмайды


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Ресейлік шенеуніктер АҚШ-тың Мәскеуге қатысты жаңа санкциялар салу заң жобасын сынап жатыр.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков 26 шілдеде ТАСС агенттігіне берген сұхбатында "АҚШ Конгресі қабылдаған заң жобасы Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасын жақсарту мүмкіндіктерін жоюға бағытталған" деп бағалаған. Рябков АҚШ-тың бұл қадамы "жауапсыз қалмайды" деп мәлімдеді.

Конгресс Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қатысты жаңа санкциялар салу туралы заң жобасын мақұлдаған. Енді бұл заңды сенат қарастырып, тамыздың екінші жартысында президент Дональд Трампқа жібереді.

XS
SM
MD
LG