Accessibility links

Қазақстан Египеттен өз консулын қамаудағы студенттермен жолықтыруды сұрады


Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 27 шілдеде Египет сыртқы істер министрі Самех Шукримен телефон арқылы тілдесіп, Қазақстан консулын қамауда отырған алты қазақстандық студентпен жолықтыруды сұрады.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Египеттен студенттердің ұсталу себебін, қамауда отырған жерін және қазіргі жағдайлары туралы ақпарат күтетінін айтқан. Египет сыртқы істер министрі "бұл мәселелерді шешу үшін барынша жәрдем көрсетуге уәде берген".

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қазақстандық студенттерді Египет ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстап әкеткен.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан алты қазақстандық 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған. 25 шілдеде министрлік оларды полиция ұстағанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG