Accessibility links

Донбаста украиналық екі әскери қаза тауып, тоғыз адам жараланған


Германиядағы жаттығу кезінде украиналық әскери танкінің үстінде тұрған сарбаз. 11 мамыр 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Германиядағы жаттығу кезінде украиналық әскери танкінің үстінде тұрған сарбаз. 11 мамыр 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Донбаста өткен тәулікте бір украиналық әскери қызметкер қаза тауып, тоғызы жараланған. Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ресейшіл сепаратистер оқ атпау режимін 14 мәрте бұзған. Ал өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" болса, үкімет әскері 54 рет оқ атты деп мәлімдеген.

Шығыс Украинадағы үш жылға жалғасқан соғыс салдарынан үш мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Киев пен Батыс елдері Ресейді сепаратистерге қарулы қолдау танытып отыр деп айыптайды. Донбаста сепаратистер бақылауындағы аймақтарда қолға түскен ресейлік әскери қызметкерлер мен жойылған ресейлік әскери техниканың көптігіне қарамастан Кремль әлгіндей айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның парламенттік ассамблеясы шілде айында Мәскеуді Қырымды "оккупациялау" мен Украинаның Донецк және Луганск облыстарындағы "террорлық іс-әрекетті" қаржыландыруды тоқтатуға тағы да шақырған.

XS
SM
MD
LG