Accessibility links

Самарқанда "ИМ-мен байланысы бар" ондаған адам ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанның Самарқан облысының Ургут ауданында Ресейдің Белгород қаласынан жұмыс істеп келген ондаған мигрант "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек редакциясы (Радио Озодлик) Самарқанның күш құрылымдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. 50 шақты мигрант 14 тамызда олардың таныстарының сөзі бойынша тұтқындалған.

Дереккөздің ақпаратына қарағанда, Ресейден оралған өзбекстандықтар ИМ-ге материалдық көмек көрсету мақсатымен қылмыстық келісім жасасқан деген күдікке ілінген.

- Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деді хабарлады Самарқанның күш құрылымындарындағы дереккөз.

Бірақ ұсталғандардың туыстары олардың экстремистік ұйымдарға еш қатысы жоғын айтады.

- Тұтқындалғандар арасында менің туысым да бар. Оларды діни сенімі үшін, "ИМ-мен байланысы бар" деп ұстады. Бірақ олар - дін ұстамайды. Ол балалар Белгородта құрылыста ғана істеген, - деді Радио Озодликке аты-жөнін айтпаған Ургут ауданының тұрғыны.

Өзбекстанда соңғы жылдары азаматтарды діни экстремизм айыбымен тұтқындау оқиғалары жиіледі. Өзбекстан тәуелсіз құқық қорғаушыларының бастамашыл тобы өткен жылдың қазан-қараша айларында Ташкент, Ташкент облысы мен Ферғана алқабының жүзден астам тұрғыны тұтқындалып, "ИМ-ге қатысы бар" деп айыпталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG