Accessibility links

Киев АЭС отынын өндіретін бірлескен кәсіпорындағы үлесін сатты


Атом электр станциясының құбыры (Көрнекі сурет).
Атом электр станциясының құбыры (Көрнекі сурет).

Украина Ресей және Қазақстанмен бірлескен ядролық отын өндіретін жекеменшік компаниядағы үлесін сатты. Украина Мемлекеттік мүлік қоры 30 тамызда "Украина-қазақстан-ресей бірлескен ядролық отын өндіру кәсіпорнындағы" (УкрТВС) мемлекеттік акция пакетін Киевте тіркелген "Вайс Трейд" компаниясына ашық аукцион арқылы сатқанын хабарлады.

Қор ақпаратына қарағанда, бірлескен кәсіпорындағы 33,3 пайыздық үлес 47,8 миллион гривенге (шамамен 1,9 миллион доллар) - бастапқы бағасынан 51,9 есе жоғары бағаға сатылған. Аукционға алты үміткер қатысқан.

"УкрТВС" кәсіпорны 2001 жылы Украинада тіркелген. Бұл кәсіпорында Украина Мемлекеттік мүлік қорынан өзге қазақстандық "Қазатомөндіріс" корпорациясы мен ресейлік "ТВЭЛ" кәсіпорнының да үлесі бар.

XS
SM
MD
LG