Accessibility links

Ақ үй: Трамп ғаламдық климат келісімінен шығудан айныған жоқ


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шығу туралы ниетінен айнығанын Ақ үй жоққа шығарды деп хабарлады The Hill басылымы.

Америка президентінің әкімшілігі Париж келісімі бойынша ресми Вашингтонның ұстанымы өзгермейді деп мәлімдеген. "Егер елімізге қолайлырақ жағдай жасалмаса, АҚШ-тың одан [Париж келісімі] шығатыны туралы президент өте айқын білдірген", - деген Ақ үйдегілер.

Сенбі күні Wall Street Journal басылымы Трамп әкімшілігі Париж келісіміне қатысты ұстанымын жұмсартты деп хабарлаған. Газет сілтеме жасаған дереккөзінің мәліметінше, АҚШ келісімнің қазіргі редакциясы аясында өзіне қолайлы жағдай жасауға өзгелерді көндіруге тырысып жатыр.

XS
SM
MD
LG