Accessibility links

Алматыда қала күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

Алматы әкімі Бауыржан Байбек (сол жақта) пен ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев (ортада) қала күніне арналған салтанатты шарада. Алматы, 17 қыркүйек 2017 жыл.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек (сол жақта) пен ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев (ортада) қала күніне арналған салтанатты шарада. Алматы, 17 қыркүйек 2017 жыл.

Алматыда бүгін қала күніне арналған мерекелік шаралары өтіп жатыр. Тұңғыш президент саябағында жыл сайынғы дәстүрлі алма фестивалі өтті.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматы күні мерекесін салтанатты ашу рәсіміне Қазақстан қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевпен бірге келді. Байбек Әбіқаевқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілгенін жариялап, оған қаланың құрметті азаматы белгісін табыс етті.

Сонымен бірге әкім Байбек Алматыда "Қоршаусыз қала" бағдарламасы табысты өтіп жатқаны және ол туралы өзіне тұрғындардан көптеген жылы пікірлер келіп жатқаны туралы мәлімдеді.

Тұңғыш президент саябағында алма, бал, тоқыма және майдагерлік өнімдер мен кәдесый бұйымдарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жексенбі күні қаланың әр жеріндегі алаңдарда көркемөнерпаздар концерттері қойылып, кәсіби артистер өнер көрсетті.

Қала күніне арналған мерекелік шаралар бүгін кешке дейін жалғасады.

Азаттықтың оқиға орнынан фоторепортажы:

Әбіқаев, Головкин және Алматыдағы алма фестивалі

Тұңғыш президент саябағындағы үлкен экраннан кәсіпқой бокстан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегінің видеожазбасы көрсетілді. Жанкүйерлер көптен күткен АҚШ-тағы бұл жекпе-жек қала күнінің ашылу рәсімі басталардан екі сағат бұрын тең аяқталған болатын.
1/12 Тұңғыш президент саябағындағы үлкен экраннан кәсіпқой бокстан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегінің видеожазбасы көрсетілді. Жанкүйерлер көптен күткен АҚШ-тағы бұл жекпе-жек қала күнінің ашылу рәсімі басталардан екі сағат бұрын тең аяқталған болатын.
Алматы әкімі келгенге дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен кәсіпқой бокс жекпе-жегін үлкен телеэкраннан полиция қызметкерлері де тамашалап тұр.
2/12 Алматы әкімі келгенге дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен кәсіпқой бокс жекпе-жегін үлкен телеэкраннан полиция қызметкерлері де тамашалап тұр.
Алма фестивалі басталар алдында кірпігін бояп тұрған қыз.
3/12 Алма фестивалі басталар алдында кірпігін бояп тұрған қыз.
Тұңғыш президент саябағы алдындағы алаңда қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзін таңдап тұрған адамдар.
4/12 Тұңғыш президент саябағы алдындағы алаңда қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзін таңдап тұрған адамдар.
Қала күні мерекесін ашу рәсімінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевқа (ортада) "Алматының құрметті азаматы" атағын тапсырғаннан кейін Алматының әкімі Бауыржан Байбек (оң жақта) онымен бірге келеді.
5/12 Қала күні мерекесін ашу рәсімінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевқа (ортада) "Алматының құрметті азаматы" атағын тапсырғаннан кейін Алматының әкімі Бауыржан Байбек (оң жақта) онымен бірге келеді.
Сатушы алма жәрмеңкесіне шығарған жемістің бағасын жазып жатыр.
6/12 Сатушы алма жәрмеңкесіне шығарған жемістің бағасын жазып жатыр.
Алма жәрмеңкесіне әкелінген өнім арба үстінен де сатылды.
7/12 Алма жәрмеңкесіне әкелінген өнім арба үстінен де сатылды.
Алма жәрмеңкесіне келген адамдар.
8/12 Алма жәрмеңкесіне келген адамдар.
Қала күні мерекесі кезінде көшеде серуендеп жүрген адамдар.
9/12 Қала күні мерекесі кезінде көшеде серуендеп жүрген адамдар.
Қала күні мерекесінде өнер көрсетіп жатқан бишілер.
10/12 Қала күні мерекесінде өнер көрсетіп жатқан бишілер.
Ауа райы ашық күні көшеде адам көп болды, кейбірі көк майсаға жатып демалғанды жөн көрді.
11/12 Ауа райы ашық күні көшеде адам көп болды, кейбірі көк майсаға жатып демалғанды жөн көрді.
Алма фетсивалінен жеміс сатып алып, үйіне қайтып бара жатқан адамдар.
12/12 Алма фетсивалінен жеміс сатып алып, үйіне қайтып бара жатқан адамдар.
Previous slide
Next slide

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG