Accessibility links

Тиллерсон мен Лавров Сириядағы жағдайды талқылаған


Сергей Лавров (сол жақта) пен Рекс Тиллерсон. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.
Сергей Лавров (сол жақта) пен Рекс Тиллерсон. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы жағдай мен "терроризмға қарсы" әскери іс-қимылдар барысын талқылаған. Екеуінің телефон әңгімесі АҚШ қолдайтын сирилық көтерілісшілер исламшыл жихадшылардан азат ету операциясы жүріп жатқан Дейр-әл-Зор қаласы ауданында ресейлік ұшақтар мен Сирия үкіметі күштерінің әуе шабуылына ұшырағаны туралы мәлімдегеннен кейін болған.

Ресей сыртқы істер министрлігі Лавров пен Тиллерсонның телефон әңгімесі туралы мәлімдемесінде президент Башар Асадтың АҚШ қолдайтын қарсыластары тағып отырған айып туралы ештеңе айтылмаған.

Жексенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік ұшақтардың көрілісшілердің позицияларына соққы бергені туралы айыптауды жоққа шығарып, ресейлік ұшақтар тек "Ислам мемлекеті" террорлық тобын нысанаға алатыны және жедел операциялары туралы АҚШ жағын ескерткені туралы мәлімдеген.

АҚШ-тың жетекшілігімен коалиция құрамында күрес жүргізіп жатқан сириялық демократиялық күштер (SDF), күрд және араб қарулы жасақтары атыс салдарынан алты жауынгері жараланғаны туралы мәлімдеген. Бірақ, Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенков жексенбідегі мәлімдемесінде әлгі айыптауларды жоққа шығарып, ресейлік ұшақтар бірнеше дереккөзінен алынған ақпарат негізінде аталған аудандағы нысаналарға дәлдеп соққы берді деп айтқан.

XS
SM
MD
LG