Accessibility links

Бішкек: Ресейдің тағы бір базасын құру жайлы келіссөз жүріп жатыр


Сапар Исаков, Қырғызстан премьер-министрі.
Сапар Исаков, Қырғызстан премьер-министрі.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков ресейлік "РИА новости" агенттігіне берген сұхбатында "Қырғызстанның ғана емес, аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін" елдің оңтүстігінде әскери база ашу керек деген пікір білдірді.

Исаков ресейлік журналистің "Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың "Ресей Тәжікстанмен арадағы шекараға екінші әскери базасын орналастыру керек" деген ұсынысына байланысты келіссөз болды ма?" деген сұрағына премьер-министр оған қатысты министрлік деңгейінде кеңесу жүріп жатқанын айтқан.

Өткен аптада Қырғызстан үкіметінің басшысы ресми сапармен Ресейге барып, әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесіп қайтқан.

2003 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Қырғызстанның Шу облысының Қант қаласында ресейлік әскери база ашылған болатын.

XS
SM
MD
LG