Accessibility links

Назарбаев Трампқа шабуыл құрбандарына қатысты көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Лас-Вегаста болған қанды шабуылға қатысты көңіл айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаевтың Трампқа жолдаған көңіл айту жеделхатында Лас-Вегастағы шабуылда ондаған адамның қаза тауып, бүздеген адамның зардап шеккені туралы хабарды қайғыра қабылдағаны айтылады.

"Бұл қайғылы күндерде біз АҚШ халқына шын жүректен қолдау білдіреміз. Өз атымнан және Қазақстан халқы атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына және АҚШ халқына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек айығып кетуін тілеймін" делінген жеделхатта.

1 қазан күні кешкісін жасалған қарулы қастандықтан 58 адам өліп, 500-ден астамы жараланған. Лас-Вегас полициясы Стивен Пэддок есімді 64 жастағы жергілікті зейнеткердің Mandalay Bay қонақ үйінің 32-қабатының терезесінен фестивальге қатысушыларға күтпеген жерден қарудан оқ жаудырғанын айтты. Шабуылдаушыны оқиға орнына жеткен арнайы қызмет сарбазы атып өлтірген. Пэддок түскен қонақ үй бөлмесінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылған.

Шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алғанымен, Лас-Вегас полициясы алдын ала болжам бойынша Стивен Пэддоктың қандай да бір әскери ұйыммен байланысы болмағанын айтады.

XS
SM
MD
LG