Accessibility links

Лас-Вегас шабуылын "ИМ мойнына алды"


Лас-Вегастағы атыс кезінде бас сауғалаған адамдар. 1 қазан 2017 жыл.

Лас-Вегас полициясы қаладағы музыка фестивалінің көрермендеріне оқ жаудырған адамның кім екенін анықтады. Шабуылды ИМ мойнына алды. Қастандықтан 50-ден астам адам өліп, 400-ден астамы жараланды.

"Ислам мемлекеті" діни ультра-радикалдар тобы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған қырғынды мойнына алып, өздері ұйымдастырғанын мәлімдеді. 1 қазан күні кешкісін жасалған қарулы қастандықтан 50-ден астам адам өліп, 400-ден астамы жараланған. Полицияның дүйсенбі күні жариялаған ресми мәліметіне сәйкес, бұл шабуыл АҚШ тарихындағы ең ірі қастандық болып шығады. Экстремистік топтың мәлімдеуінше, 64 жастағы шабуыл жасаушы жергілікті зейнеткер "бірнеше ай бұрын мұсылмандықты қабылдаған".

Таяу Шығыстағы радикал джихадшылардың "Әл-Ғамақ" ақпарат құралы: "Лас-Вегастағы шабуылды "Ислам мемлекетінің" сарбазы коалиция елдерін нысанаға алу туралы жарлыққа үн қосу ретінде жасады" деп мәлімдеді.

Лас-Вегас полициясы Стивен Пэддок есімді 64 жастағы жергілікті зейнеткердің Mandalay Bay қонақ үйінің 32-қабатының терезесінен күтпеген жерден қарудан оқ жаудырғанын айтты. Шабуылшыны оқиға орнына жеткен арнайы қызмет сарбазы атып өлтірген. Пэддок түскен қонақ үй бөлмесінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылған.

Пэддокпен бірге жүріп-тұрған 62 жастағы Невада тұрғыны Марилу Дэнлиге іздеу жарияланды. Полиция оны әзірше күдіктіге жатқызбайды, бірақ бірнеше сұраққа жауап беруін талап етеді. Тергеушілердің мәліметіне сәйкес шабуылшы жалғыз қимылдаған.

Қайғылы оқиға болған кезде үш күндік Route 91 Harvest Festival атты кантри концерті аяқталуға жақын қалған. Мәдени шара Las Vegas Village атты арнайы алаңда, сыртта өтіп жатқан. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шабуылшы оқ атқан сәтте сахнада америкалық Джейсон Алдин ән айтып тұрған. Әнші Instagram парақшасында "аса қорқынышты" жағдайға тап болғанын жазды. Шабуылдан бас сауғалап, мыңдаған адам қауіпсіз жерге қашқан.

Лас-Вегастағы атыс кезіндегі дүрбелең
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында шабуылдан зардап шеккендерге көңіл айтты. Трамп: "Лас-Вегастағы сорақы шабуылдың құрбандары мен туыстарына қатты қайғырып көңіл айтам. Құдай қуат берсін!" деп жазды.

Бұған дейін былтыр Флорида штатындағы Орландо қаласында қарулы қаскөй 49 адамды атып өлтірген. Ол кезде де шабуылды ИМ өз мойнына алған еді. Ал Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихындағы қарулы адам жасаған ең ірі қастандыққа айналды.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG