Accessibility links

Атамбаев "шекара ашылмаса, ЕАЭО жиынын шақыра алатынын" айтты


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі №1209 сайлау учаскесінде президент сайлауына дауыс беріп тұр. Қырғызстан, 15 қазан 2017 жыл. Суретті Атамбаевтың баспасөз қызметі түсірген.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі №1209 сайлау учаскесінде президент сайлауына дауыс беріп тұр. Қырғызстан, 15 қазан 2017 жыл. Суретті Атамбаевтың баспасөз қызметі түсірген.

Қырғызстан президенті қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай оңалмаса, ЕАЭО-ның (Еуразия экономикалық одағы. – ред.) кезектен тыс отырысын шақыру құқығы бар екенін айтты.

Бұл туралы Алмазбек Атамбаев бүгін, 2017 жылы 15 қазан күні сайлауға дауыс беруге келген кезде мәлімдеді. Атамбаев Бішкектегі №1209 сайлау учаскесіне әйелі Раиса Атамбаевамен бірге келді.

Қырғыз мемлекетінің басшысы "Қазақстанның қырғыз сайлауына байланысты шекарада қосымша шаралар қабылдағанын" айтып;

- Қазақ билігі оның Қырғызстандағы сайлауға қатысты екенін айтады. Солай шығар, бірақ сайлау бүгін аяқталады. Егер бірінші турдан-ақ бәрі анықталса, алайда шекара ашылмаса, мен Қырғызстан президенті ретінде... Менің ЕАЭО​ президенттерінің кезектен тыс отырысын шақыруға құқығым бар. Егер бұл сайлаудан кейін де шекара ашылмаса, ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы. – ред.)​ бола ма, болмай ма деген үлкен мәселе туады, - деді.

Қазақстанмен арадағы шекара арқылы қатынау 10 қазан күні қиындаған. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, сол күні кешкі сағат 18:00-ден бастап Қазақстан шекарадан өткізуді қиындатқан. Мұнан соң бірнеше күн шекарада ұзын сонар кезектер пайда болған.

Қырғызстан шекара қызметі Қазақстан шекарасынан өтудің жеңілдей бастағанын 13 қазан күні мәлімдегенімен, ертеңінде қырғыз-қазақ шекарасында жағдай өзгермегені туралы қайта хабарлады.

XS
SM
MD
LG