Accessibility links

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты 2 айға қамалды


Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты, жергілікті кәсіпкер Бақытжан Ержанов сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу Бақытжан Ержановты Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айыптап отыр. Мәслихат депутатына тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімінің 2-пункті ("Алаяқтық"),106-бабының 1-бөлімі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру"), 380-бабының 1-бөлімі ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша айып таққан.

57 жастағы Бақытжан Ержанов облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, "Нұр Отан" партиясы қатарында.

XS
SM
MD
LG