Accessibility links

АҚШ-та белгісіз біреу оқ атып, төрт адамды жаралаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Честер қаласында сенбі күні кешке белгісіз біреу баскетбол алаңындағы адамдарға оқ атып, салдарынан төрт адам аяғынан жараланған. Оқ атқан адам із жасырып үлгерген.

Полицияның айтуынша, оқиға болған жерден жартылай автоматты мылтық пен тапанша оқтары табылған. Жараланған адамдарды ауруханаға жеткізген. Полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Бұған дейін, 18 қазанда Мэриленд штатында белгісіз біреу қарудан үш адамды атып, қашып кеткен. Зардап шеккендердің екеуі ауыр жараланған. Кейін бұл қылмысқа күдікті 37 жастағы жігіт ұсталған.

2 қазанда Лас-Вегас қаласында кантри-музыка фестиваліне жиналған жұртқа сол маңдағы қонақүйден белгісіз қылмыскер оқ жаудырып, 58 адамды өлтірген, 500-ден астам адам жараланған. Полиция бұл қылмысқа күдікті 64 жастағы Стивен Пэддоктың қонақүй бөлмесінен өлі табылғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG