Accessibility links

Шымкентте қоқыстан табылған баланың анасы істі болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттегі Абай ауданының аумағында қоқыс полигонынан өлі табылған жаңа туған баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

Қазір күдікті деп танылған әйел іздестіріліп жатыр.

Жаңа туған баланың өлі денесі 20 қазан күні Абай ауданы аумағындағы қоқыс полигонынан табылған болатын.

XS
SM
MD
LG